$ 471.83  505.66  5.4

Шымкенттегі қатыгез емшінің ісін қарайтын судья белгілі болды

Қалалық соттың мәліметінше, алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген.

Фото: Time.kz
Фото: Time.kz

Шымкентте асырап алған 6 баласына қатыгездік танытты деп айыпталған жергілікті емшінің қылмыстық ісін қарайтын судья белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Үш айлық егіз де бар»: Қатыгез емші асырап алған балалар туралы тағы тың дерек шықты

Емшінің қылмыстық ісін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Болат Қарабаев қарайтын болды.

Қалалық соттың мәліметінше, алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді. 

Бұған дейін Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары