Жігіттер неліктен допты қарсыласқа оңай беріп қойғанын түсінбеймін.
Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық құраманың жолдастық кездесулері жайлы ойын ортаға салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен Қазақстан құрамасының екі жолдастық ойынын да көрдім. Еревандағы ойын сәтсіз басталды, алғашқы минуттарда гол жіберіп алды. Бірақ, Әзербайжанмен болған кездесуде жігіттер бірінші таймның ортасында алға шығып, мүлде басқаша ойнады. Кейін әзербайжандықтар допқа көп иелік ете бастады. Жігіттер неліктен допты қарсыласқа оңай беріп қойғанын түсінбеймін. Айта кету керек, бұл жолдастық кездесу, екі команда да қорғаныста нашар ойнады. Ойыннан кейін мен киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, қыркүйек айындағы матчтарға дейін қателерімізді түзетіп алуымыз үшін жігіттерге немен айналысу керектігін айттым. Шеберліктеріңізді сынау үшін жолдастық кездесулер қажет. Әлі де шыңдайтын дүниелер көп», - деді Черчесов.
Айта кетейік, жолдастық кездесулерде ұлттық құраманы алаңға Руслан Балтиев бастап шыққан болатын. Бас бапкер қызметіне 3 маусымда тағайындалған Черчесов жұмысқа кейін кіріседі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан Армениядан жеңіліп қалды (ВИДЕО)