Фильмнің негізгі мақсаты – Ауғанстандағы қазақтарды елге қайтару.
Кезінде қазақ тілі жайлы айтқан сөзімен халықтың ашуын тудырып, кешірім сұраған Рамиль Мухоряпов Ауғанстан қазақтары туралы фильмге демеуші болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Деректі фильмнің авторы – "Жалғыз жолаушы" YouTube арнасының жүргізушісі Санат Ілияс.
Фильмнің негізгі мақсаты – Ауғанстандағы қазақтарды елге қайтару.
Деректі фильмді түсіруге Ауғанстанға жалғыз аттандым. Түсірілім 6 күнге созылды. Жабық көрсетілімді ұйымдастыруымның себебі – сол жақтағы қазақтардың сәлемдемесін отанына жеткізу болды. Фильмнің негізгі мақсаты – Ауғанстандағы қазақтарды елге қайтару. Түсірілімге дейін Ауғанстандағы қазақтармен сөйлестім. Солардың бірі Асадулла есімді ағай Мазари-шариф қаласында тұрады. Мені сол кісі Ауғанстанға шақырды, өзі күтіп алды. Ауғанстандағы қазақтар бұл сапарымда көп көмектесті, - деді Санат Ілияс.
Фильмді түсіруге демеушілік танытып, Ауғанстан сапарына қаржылай қолдауды Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов білдірген.