Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел жәрдем көлігі дереу жетті.
Көкшетау қаласында жазатайым болды. Бұл туралы өңірдің ТЖД өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұмыс істеп жатқан кезде 1952 жылы туған ер адамның аяғы айналмалы қопсытқыш механизмге тартылып кеткен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел жәрдем көлігі дереу жетті.
"ТЖД қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен қысылған аяқты алып шықты. Дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетті, ер адам қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды", - деп жазылған ведомство мәліметінде.