Ол дау тудырып отырған бірнеше аймақты айтты.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматы маңындағы табиғатты қорғау аймақтарына түгендеу жүргізуді және оларды пайдалану мәселелерінде қатаң тәртіп орнатуды сұрады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол дау тудырып отырған бірнеше аймақты айтты. Мысалы алматының Бостандық ауданында орналасқан 30 гектар жер учаскесі заң бойынша өзеннің су қорғау белдеуіне жатады, деп жазады dalanews.kz.
Бірақ 2004 жылы 17 маусымда Қарасай ауданының әкімдігінің қаулысымен танымал генерал Новиковке өтіп, кейін учаске заңсыз мәмілелер арқылы Halyk Bank құрылымдарының меншігіне өтіп кеткен.
Бірақ аудан әкімдігінің иеліктен шығару туралы қаулысы заңсыз деп танылды. Яғни, депутат Бақытжан Базарбектің сөзінше, учаске мемлекеттік меншікке қайтарылуы керек еді, бірақ іс жүзінде ол әлі күнге дейін банк құрылымдарына тиесілі. "Жер учаскесі Тимур Құлыбаевпен үлестес адамдардың қолында. Мұны қалай түсінуге болады? Сонда "ескі Қазақстанның" олигархтары соттың заңды шешімін орындаудан бас тартып, баяғыдай жүр ғой", - дейді Базарбек Мәжіліс отырысында.