$ 487.24  529.34  5.02

Аққан жұлдыз: Бүгін – Денис Теннің туған күні (ВИДЕО)

Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан көз жұмды.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында өмірге келген. Ол 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болған Денис он бірінші орынға тұрақтады.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында алтын алқа еншіледі.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис Тен өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Ал еркін бағдарламада үздік шығып, канадалық Патрик Чаннан 1,3 балға қалып, күміс жүлдеге ие болды. 

Осылайша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Денис Тен