Бұл 2 жыл бұрын, ата-анасы басқа қалада жұмыста болғанда басталған.
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық-зомбылық құрбандарынан келген кезекті хатпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
16 жасар жасөспірім басындағы жағдайын айтып, қазір шарасыз екенін жазған. Өйткені қыздың айтқанына анасы сенгенімен әжесі мен туған-туыстары «намаз оқитын адам олай жасамайды» деп сенбеген және қолдамаған.
Жасөспірімнің айтуынша бұл жағдай 2 жыл бұрын ата-анасы басқа қалада жұмыста болғанда басталған.
Ешкімге айта алмай жүрдім. Бір күні шыдай алмай анама айттым. Ол әкеме айтқан. Бірақ әкем үндемеді. Бір күні тағы тиісті. Анам ауылда еді. Басқа бөлмеге кіріп, есігін құлыптап алдым. Анама хабарластым. Ол келіп жанжал шығарды. Атам мойындамады. "Мен оны еркелетемін" деді. Апам "кәрі шал, не істегенін өзі білмейді" деп жылы жапты,- дейді жасөспірім.