14.06.2024, 08:30

Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

Фото: pixabay.com

Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.

"Қазгшидромет" РКМ мамандары алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана

14 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.

15 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

16 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.

Алматы

14 маусымда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соққан жел 3-8, жел екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы.

15 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.

16 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.