$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

Балада арқа және жабық ми жарақаты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жүргізушінің сөзінше, мектеп оқушысы жолға бірден жүгіріп шыққан. Мидың жабық жарақатын алған жәбірленуші балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"13 жастағы бала жол апаты салдарынан қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Балада арқа және жабық ми жарақаты. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, науқасты травматология бөлімшесіне жатқызды. Пациент дәрігерлердің бақылауында, жағдайы орташа", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы.

Полицейлер қазір бұл іс тіркеліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады. Егер ауыр жарақат алғаны белгілі болса, арнайы бап бойынша іс қаралатынын жеткізді.

"Аталған жайт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданатынын хабарлаймыз", - дейді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары