$ 494.87  520.65  4.91

«Жарқанатқа ұқсатамын»: Белгілі журналист тұмшанып алатындарды сынады

Дін киім мен сақалда емес, дін жүректе.

Фото: erkanat_kopjasar инстаграм парақшасынан
Фото: erkanat_kopjasar инстаграм парақшасынан

Елімізде хиджаб дауы әлі де басылмай келеді. Оранғандарды жақтайтындар да, даттайтындар да жетерлік. Осы орайда белгілі журналист Ерқанат Көпжасар өз оқырмандарына көкейіндегі сауалын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ағайын, дін деген киім бе? Осыған жауап беріңіздерші?! Осыдан біраз жыл бұрын Мақсат бауырым Меккенің әкімімен кездескенде әлгі әкім Қағбаның маңында тұрып: “Қазақтар неге арабша киінесіздер? Өздеріңіздің ұлттық тамаша киімдеріңіз бар емес пе? Сіздер осылай араб ұлтына деген жеккөрініш туғызып жүрсіздер”, - дегенін естіп едік. Олар осындағы жұрттың ала-құла болып адасып жүргенін қайдан білсін.

Желі қолданушылары болса діннің ешқандай киімде емес екенін, иман жүректе болатынын жарыса жазды. 

"Заңмен тиым салу керек", "Дін киім мен сақалда емес, дін жүректе", "Ұлтты жою идеологиясы", "Жарқанатқа ұқсатамын осыларды көрсем", "Нағыз дайын террористер", "Мынаны тоқтату керек. Бұлай көбейе берсе қазақ ұлтты құрып кетуі әбден мүмкін", "Көбі дінді киім мен сақал деп ойлайды өкініштісі!", деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары