Ол «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануына және білім саласында көптеген өзгерістердің енгізілуіне себеп болды.
42 жыл бұрын (1982) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Қарағанды облысының тумасы.
2003 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылы Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2014-2017 жылдары Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды.
2017-2019 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі, 2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2019-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрі болды.
Асхат Аймағамбетовтың министрлік кезеңінде «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылданып, соның арқасында көптеген өзгерістер енгізілді. Мысалы: жалақыны көтеру, қосымша төлемдер, міндетке жатпайтын қызметтерден босату, бес күндік жұмыс аптасына ауысу, 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерді ҰБТ-дан босату және 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар мұғалімдерге төсбелгі тағайындау және т.б.
2023 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы.
2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.