$ 494.87  520.65  4.91

«Ең үздік»: Нью-Йорктегі әскери академия кешінде қазақша сөйлеген қыз көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Фотограф мінберден сөйлеп тұрған қазақ қызын көргенде таң қалған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

АҚШ-тағы әскери академияның бітіру кешінде қазақ қызы ең үздік студент ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.                                                                                                  

Бұл туралы видеоны Нью-Йоркте жүрген қазақстандық фотограф Аркен Аван  Instagram парақшасында жариялады.

Шараға тапсырыс бойынша басқа баланы түсіруге барған фотограф мінберден сөйлеп тұрған қызық қызын көргенде таң қалғанын және шынайы қуанғанын жасырмады.

Малика есімді қазақ қызы бітіру кешіндегі сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырып, кейін немісше сөйлейді.

Әрдайым маған жақсылық тілеп, еркелігімді көтеріп, алыстан уайымдап, мені сағынып жүретіндеріңіз үшін көп рақмет! Ауырмаңыз, жасыңыз ұзақ болсын!, - деді ол ата-анасына арнап айтқан сөзінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 121
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары