Фотограф мінберден сөйлеп тұрған қазақ қызын көргенде таң қалған.
АҚШ-тағы әскери академияның бітіру кешінде қазақ қызы ең үздік студент ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы видеоны Нью-Йоркте жүрген қазақстандық фотограф Аркен Аван Instagram парақшасында жариялады.
Шараға тапсырыс бойынша басқа баланы түсіруге барған фотограф мінберден сөйлеп тұрған қызық қызын көргенде таң қалғанын және шынайы қуанғанын жасырмады.
Малика есімді қазақ қызы бітіру кешіндегі сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырып, кейін немісше сөйлейді.
Әрдайым маған жақсылық тілеп, еркелігімді көтеріп, алыстан уайымдап, мені сағынып жүретіндеріңіз үшін көп рақмет! Ауырмаңыз, жасыңыз ұзақ болсын!, - деді ол ата-анасына арнап айтқан сөзінде.