Істің материалы орасан болса, сот оның бәрін толықтай зерттеуге міндетті.
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзақ тергеліп жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Назгүл Рахметулинаның айтуынша, мәселе істің күрделі болуына байланысты аяқталмай жатыр.
Мен ол іспен таныс емеспін және оған қол жеткізе алмаймын. Өйткені іс басқа инстанцияда қаралып жатыр. Сот өндірісіндегі істердің бәрі, алғашқы не апелляциялық инстанциядағы іс болса да, не болып жатқаны туралы бізге есеп бермейді. Әр инстанция өз қызметін абсолютті тәуелсіз жүргізеді. Менің білуімше, иә, исіз айтып отырған істің өндірісі әлі аяқталмаған. Аяқталған сәтте, әрине, ақпарат болады. Яғни, сот тергеу жүріп жатыр деген сөз. Кейбір істер бір эпизодтан ғана тұрады. Бір ғана жәбірленуші мен жалғыз куәгер болса, бірнеше отырыстан кейін істі аяқтауға болады. Ал, кейбір істерде 50 сотталушы, 250 жәбірленуші болады. Қылмыстық істің материалы орасан болса, сот оның бәрін толықтай зерттеуге міндетті. Сондықтан мен бұл істің нақты қашан аяқталатынын айта алмаймын, - деді Жоғарғы сот өкілі.