$ 494.87  520.65  4.91

Атышулы Бишімбаевтың апелляциялық шағымы қанша уақыт қаралады?

Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін, Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алқабилер алқасының үкімінен кейін апелляциялық шағым беруге бола ма? Бүгін бұл сұрақты Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Жоғарғы сот өкіліне қойды.

«Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Сотталғандар келіспесе, шағымдануға құқылы. Апелляциялық органдар қарауға үлгермей жатқан жағдайларда ұзаруы мүмкін. Мысалы, адвокаттар белгілі бір күндері қатыса алады және т.б. Заң бойынша сотталғандардың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы сот тергеуі қайтадан жүргізілген кезде міндетті саналады. Яғни, кейбір қосымша дәлелдемелерді зерттегенде ғана, басқа жағдайларда сотталушының қатысуы қажет екенін немесе қажет емес екенін апелляциялық орган өзі шешеді», - деп жауап берді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары