$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда кассациялық соттар құрылады

Заң жобасы бірінші оқылымнан шықты, екінші оқылымға дейін толықтырулар мен өзгертулер болуы мүмкін.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елімізде кассациялық соттар құрылатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы бірінші оқылымнан шықты, екінші оқылымға дейін толықтырулар мен өзгертулер болуы мүмкін. Ең басты жаңалық – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл мәселені заңгерлер қауымы бұрыннан көтеріп келеді. Осы кезге дейінгі тәртіп қалай еді? Жоғарғы сот бір судья құрамымен мәселені кассациялық алқаға бере ме, бермей ме, өзі шешетін. Соны жойдық. Президент те бұл жайында айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кассациялық соттар өз алдына бөлек құрылып жатыр», - деді Абзал Құспан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары