Денесінде бір сау жері жоқ.
Қызылорда облысында тағы бір тиран еркектің әрекеті әшкере болды. Әйелін аяусыз ұрған тамада туралы желі қолданушысы Жанар Датаеа өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанақорған ауданындағы Сүтті құдық ауылынан шыққан герой жұмыс жасап жүрген жігіт әрі(тамада) Бишімбаев-2 екен. Әйелінің аяғына пышақ тығып, көзін көгертіпті. Денесінде бір сау жері жоқ. Бұл недеген жауыздық. Бұндай жағдай бірнеше рет қайталанды. Осындай жауыздар халық арасында қалай жұмыс жасайды. Әзірге суреті мен аты-жөнін жария етпеймін. Бірақ бәрі фактімен. Нурбол Бакиров, не болды ал? Аумақтық полиция қызметкерлері көріп тұрса да тағы да пышақ алып жүгірген. Арыз жазып, анасы келді . Мұндайды қалай болғанда да іс қозғалу керек, деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары болса әйеліне әлі келетін еркектердің көп екенін айтып, қазір бір эпидемия басталғандай деп жарыса жазды.
"Қазақтың жігіттеріне не көрінген.Бұларға сабақ болмады ғой, Не сұмдық?", "Отбасылық зорлық- зомбылыққа қарсы заң 15 маусымнан бастап күшіне енеді. Енді бұдан былай мұндай "кухонный боксёрларға" заң қатал болады", "Таза жауыз ғой өзін осындай қылып сабаса қалай болар екен", деді олар.