$ 481.84  531.33  5.07

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы суға батқан жасөспірімді құтқарып қалды (ВИДЕО)

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту жасады.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан 2008 жылы туған жасөспірімді құтқарды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарды. Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, бірақ сарбаздың жедел әрекетінің арқасында тағы бір өмір құтқарылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту жасады.

"Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз", -делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары