$ 481.84  531.33  5.07

Талдықорғанда әскери қызметкер төбелес шығарып, атыс болды (ВИДЕО)

Төбелеске қатысқандардың бірі басынан жарақат алды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Талдықорғанда демалыс орындарының бірінде төбелес және атыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлердің мәліметінше, төбелеске қатысқандардың бірі - әскери қызметкер болып шықты.

Желіде Талдықорғандағы демалыс орындарының бірінде болған төбелес туралы ақпарат тарады. Instagram желісіндегі Krisp.tdk парақшасында төбелеске қатысы бар деп болжанған адамдардың видеосы жарияланды. 

"Төбелес пен атыс болды. Мәдени демалыстың жоқтығы қандай жағдайға әкелі мүмкін екенінің көрінісі", - деп жазылған видеоның астына. 

Ал Taldykorganec.insta парақшасында сол демалыс аймағында түсірілген болуы мүмкін басқа да кадрларды жариялады. 

"Талдықорғанда ересек ер адамдар арасындағы төбелес. Қатысушылардың бірі басынан жарақат алды", - делінген видеоның астында.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысқандар анықталғанын мәлімдеді.

“Төбелесті бастағандар анықталды, олардың бірі әскери қызметші болып шықты", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары