16.06.2024, 17:30

Меккеге қажылыққа барған алты адам қайтыс болды

Фото: Pixabay

Бұған дейін Сауд Арабиясы шенеуніктері қажылық алдындағы биылғы жиында сынап бағаны 48 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Меккеде қажылық кезінде күннің ыстығынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көз жұмғандардың алтауы да Иордания азаматтары. Сенбі күні Иордания Сыртқы істер министрлігі Джиддадағы Сауд Арабиясы билігімен жерлеу рәсімдері және олардың денелерін Иорданияға қайтару бойынша жұмыстардың үйлестірлетінін жеткізді, деп жазады CNN.

Қаралы хабар қажылар 15 маусымда, сенбіде Арафат тауының басына жиналып, қажылықтың басты оқиғасын атап өтіп жатқанда тарады. Қаза тапқандардың бірінің туысы CNN-ге араб тілінде тәтесінің Арафат тауында қайтыс болғанын және Сауд Арабиясында жерленгенін айтқан.

 

Еске салсақ, бұған дейін Сауд Арабиясы шенеуніктері қажылық алдындағы биылғы жиында сынап бағаны 48 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.