Жұмысшының оң қолының басы астықты жеткізетін иірмекте қалып қойған.
Солтүстік Қазақстан облысында 50 жастағы ер адам өндірісте жарақат алды, оның қолының басы жұлынған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында болған.
Абайсызда жарақат алған ер адамды аудандық ауруханаға фельдшер жеткізді.
Жұмысшының оң қолының басы астықты жеткізетін иірмекте қалып қойған.
Ауруханаға түскен кезде ер адамда травматикалық шок болған, көп қан жоғалтып, қолының басы мыжылып қалған.
Дәрігерлер ота жасап, жараны өңдеді, білек буынының негізін қалыптастырды.
Травматикалық шок тоқтатылды. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта орташа ауыр болғанымен, тұрақты.
Оқиға туралы мемлекеттік еңбек инспекциясына хабар берілді.