$ 494.87  520.65  4.91

«Анасының үндеуімен танысты»: Тоқаев комада жатқан сарбазға қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Жамбыл облысы Қордай ауданында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 9 маусымда болғанын мәлім етті. Осы орайда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталмыш оқиғадан хабардар екенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды, деп жазды Берік Уәли. 

 ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Клиникалық өлімді бастан кешкен»: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары