Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.
Жамбыл облысы Қордай ауданында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 9 маусымда болғанын мәлім етті. Осы орайда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталмыш оқиғадан хабардар екенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды, деп жазды Берік Уәли.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Клиникалық өлімді бастан кешкен»: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті