$ 498.34  519.72  4.85

«Киімсіз, жалаңаш»: Алматыда көшеден әйелдің мәйіті табылды

15 маусым күні киімсіз, жалаңаш әйелдің мүрдесі табылған.

Фото: instagram.com/nemolchikz_official
Фото: instagram.com/nemolchikz_official

Алматыға қарасты Таусамалы ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Көшеден белгісіз біреудің мәйіті табылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қор мәліметінше, 15 маусым күні киімсіз, жалаңаш әйелдің мүрдесі табылған. Бірнеше полиция көлігі сол аумақта болғаны туралы тұрғындар  қордың сенім телефонына хабарлаған.

Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметінің оқиға туралы мәлімдеме жасады.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталуда», - делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары