$ 479.38  531.63  5.27

Маңғыстау облысында тасжолда жүк көлігі өртеніп кетті

Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Фото: mangystaumedia.kz
Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облысындағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай республикалық тасжолында "КамАЗ" көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Бейнеу ауылынан 70 шақырым жерде болған. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ, деп жазды mangystaumedia.kz.

Өртті сөндіруге Nobilis Corp ЖШС мекемесінен бес өрт сөндіруші, төрт қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары