$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен жаңа редакцияда Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.

Тізімге қосылды:

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринарлар күні – 10 шілде;
  • Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.

Сонымен қатар, бұрынғыдай мерекелер тізіміне мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан күні – 10 қаңтар;
  • Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні – 1 ақпан;
  • Ұлттық баспа күні – 2 ақпан;
  • жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі;
  • Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі;
  • Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір;
  • Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр;
  • Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр;
  • Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі;
  • Эколог күні – 5 маусым;
  • Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні – 7 маусым;
  • Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың арнайы күштері қызметкерлерінің күні – 9 маусым;
  • Полиция күні – 23 маусым;
  • Мемлекеттік қызметшілер күні – 23 маусым;
  • Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні – 24 маусым;
  • Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі;
  • Малшылар күні – маусым айының екінші жексенбісі;
  • Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі;
  • БАҚ күні – 28 маусым;
  • Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде;
  • Су қызметкерлері күні – 9 шілде;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары күні – 13 шілде;
  • Нотариус күні – 14 шілде;
  • Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – шілденің екінші жексенбісі;
  • Металлургтер күні – шілденің үшінші жексенбісі;
  • Сауда қызметкерлерінің күні – шілденің төртінші жексенбісі;
  • Көлік қызметкерлерінің күні – тамыз айының бірінші жексенбісі;
  • Құрылысшылар күні – тамыз айының екінші жексенбісі;
  • Шекарашылар күні – 18 тамыз;
  • Шахтер күні – тамыз айының соңғы жексенбісі;
  • Мұнай және газ саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйек айының бірінші жексенбісі;
  • Атом саласы қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек;
  • Әділет қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек;
  • Инженер-механик күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  • Радио күні – 1 қазан;
  • Мұғалімдер күні – 5 қазан;
  • Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;
  • Қазақстан кәсіподақтары күні – 10 қазан;
  • Құтқарушылар күні – 19 қазан;
  • Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қазан айының үшінші жексенбісі;
  • Кітапханашылар күні – 24 қазан;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Күзет қызметкерлері күні – 29 қазан;
  • Сыртқы барлау күні – 5 қараша;
  • Статистика күні – 8 қараша;
  • Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні – 10 қараша;
  • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні – 15 қараша;
  • Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі;
  • Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі;
  • Адвокатура күні – 5 желтоқсан;
  • Прокурор күні – 6 желтоқсан;
  • Энергетиктер күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні – 20 желтоқсан;
  • Мұрағатшылар күні – 22 желтоқсан.

Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары