$ 475.18  510.72  5.47

Мбаппе Еуро-2024 турнирінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО)

Матч аяқталуға аз уақыт қалғанда Мбаппе аустриялық қорғаушы Кевин Дансомен соқтығысып қалды.

Фото: instagram.com/golenlahoraa
Фото: instagram.com/golenlahoraa

Әлемге танымал футболшы Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойынында мұрнын сындырып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

18 маусымға қараған түні Мбаппенің командасы турнирдегі бірінші ойынын Аустрияға қарсы өткізді. Француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Аустрия құрамасының ойыншысы Максимилиан Вебер 38-минутта өз қақпасына гол соғып жіберді.

Матч аяқталуға аз уақыт қалғанда Мбаппе аустриялық қорғаушы Кевин Дансомен соқтығысып қалды. Салдарынан  мұрнын сындырып алды. Сол сәтте футболшының мұрнынан қан кетіп, орнынан тұра алмай қалған. Кейін дәрігерлер футболшыға алғашқы көмек көрсетіп, алаң сыртына алып кеткен.

Ал Франция құрамасының жаттықтырушылар штабы осы жағдайдан кейін шабуылшыны ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе футболдан Франция құрамасының шабуылшысы әрі капитаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары