Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада, экран беттерінде осылай тайраңдайды? Қолына микрафон ұстағандармен емес, бұтын ашып ұлтты қорлайтындарға қарсы күресті күшейтіңіз!
Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Осы тұста белгілі заңгер Айгүл Орынбек аталмыш видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ұлттық мәдениетті қорлау: Киіз үйдегі трансвеститтердің әрекеті елді шошытты (ВИДЕО)
Уа, Олжас Бектенов басқарып отырған “Естуші Үкімет!”. Ұлттық мәдениетініміздің атрибуттарын қорлап, ұлттың ашуына тиетін провокаторларға қатаң заң керек! Қылмыстық кодекстің 174-бабына өзгерістер енгізу керек! “Ұлттық нақыштарға” деген сөзді қосу керек! Өзбекстан, Қырғызстанда бұларды осылай бұттарын ашып талтаңдатып билетіп қоймайды. Ал Қазақстанда әркім білгенін істеп жатыр. Бұл арсыздарға “тоқта” деп айтатын бұл елдің үкіметі қайда қарап отыр?, деп жазды ол.
Ашуға булыққан заңгер Аида Балаева мен Ержан Сәденовке де үндеу тастады.
Мәдениет министіріміз Аида Балаева ханым! Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада, экран беттерінде осылай тайраңдайды? Қолына микрафон ұстағандармен емес, бұтын ашып ұлтты қорлайтындарға қарсы күресті күшейтіңіз! Ал әзірше, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабымен іс қозғаңыздар Ержан Сәденов мырза! Ұлттың арасында алауыздық туғызғаны үшін, бұлар жай кешіріммен құтылып кетпеу керек! Етегі жиналмайтын, кім көрінгендер қорлай беретін сорлы ел болдық!
"Баян апалары бастап берген", "Өзбекстанда жасасын елден депортация жасайды", "Өте дұрыс, түнгі клубта білеп жатқандай тайраңдап, ұлттық киім қорлап", "Жалпы қазақ тектілігін бұзу саясаты оңай іске асырылуда", деген мазмұнда оқырмандары заңгердің сөзіне түрлі пікір қалдыруда.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Ою-өрнегімізді қор қылды»: Snoop Dogg-пен ән салған KeshYou тобының образы сынға қалды