$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық мәдениетті қорлау: Киіз үйдегі трансвеститтердің әрекеті елді шошытты (ВИДЕО)

"Қазақтардың абыройын қор қылмай-ақ қойса болады ғой".

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Үкімет ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петицияны қарастырып жатқанда, трансвеститтер ұлттық мәдениетті қорлау элементтері бар видео түсіріп әлек. Әлеуметтік желіде киіз үй ішінде ашық образда билеген жастар көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Қалың көпшілік ашық образдағы бишілердің әрекетіне ашуланды. Желіні шулатқан видеоға қатысты көпшілік наразылық білдіріп жатыр. Әлгі видеода трансвеститтер киіз үй ішінде жартылай жалаңаш ұлттық нақыштағы ою-өрнегі бар киім киіп билеген. Тіпті жерге жатып аунаған.

"Қазақтардың абыройын қор қылмай-ақ қойса болады ғой", Ешқандай ар-ұят, намыс сияқты қасиет көрінбейді", "Ұлттық киімді қорлағаны үшін айыппұл салу керек", "Киіз үй мен ұлттық киімді қорламаңыздар", "Мына би қате болды. Өте ерсі", "Басқа билейтін жер табылмай қалды ма", - деп жаза жөнелді әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 16

Серіктес жаңалықтары