18.06.2024, 18:00

Енді дәлелсіз жағымсыз пікір жазғандар сотқа шақырылады

Фото: Pixabay

Заңгер сұлулық салонында қасын жасатамын деп күйік шалған қыздың оқиғасын мысалға келтірді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заңгер Лера Абдулхаирова еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтарға сотқа шақырту жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгер сұлулық салонында қасын жасатамын деп күйік шалған қыздың оқиғасын мысалға келтірді. Ол 2GIS-те жағымсыз пікір қалдырған кезде, салондағы мамандар ар-намысты қорғау туралы сотқа шағым түсіреміз деп қорқытқан.

Заңгердің сөзінше, ол қызға салонның бұған құқығы бар екенін айтқан. 

“Интернетте пікір қалдырмас бұрын, шынымен сот-медициналық сараптамадан өтуіңіз керек. Сот шешімінен кейін ғана шынымен косметологиялық орталықта күйіп қалғаныңыз, яғни жүргізілген сапасыз процедура фактісі болса ғана пікір қалдыра аласыз. Әйтпесе қызмет көрсететін адам өзінің іскерлік беделі, ар-намысы мен абыройын қорғауы үшін сотқа жүгінуі мүмкін”, – деп нақтылады "Фемида" қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы" қоғамдық ұйымының заңгері Лера Абдулхаирова.