$ 494.87  520.65  4.91

Еуропа чемпионатында жанкүйерлер төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Мбаппе Дюссельдорф қаласының ауруханасына жеткізді. Бірақ жергілікті дәрігерлер оған операцияның қажет еместігін айтты.

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Еуропа чемпионатының кезекті күні жанкүйерлер арасында жанжал шықты. Келеңсіз жағдай Түркия мен Грузия құрамалары кездесуінде туындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24.kz-тің мәліметінше, Дортмунд қаласының стадионында қос тарап өкілдері сөзге келіп, арты төбелеске ұласты. Оған жергілікті тәртіп сақшылары араласып, жағдайдың одан сайын ушығуына жол бермеді. Ал матчтың өзі аса тарысты өтті және 3:1 есебімен аяқталды.

Түркия командасынан Мерт Мюльдюр, Арда Гюлер және Керем Актюркоглу мергендігімен көзге түсті. Ал паралель матчта Португалия Чехияны 2:1 есебімен ұтты. Осылайша «Ф» тобында Түркия мен Португалия бірдей ұпаймен жоғары көтерілді. Одан кейін Грузия мен Чехия тұр. Топтық кезең аясындағы келесі матчтар 22 маусымда болады.

Мбаппе жарысты жалғастыра ала ма? Қазір футбол жанкүйерлерін осы сұрақ мазалайды. Өйткені франциялық ойыншы Еуропа чемпионаты аясындағы алғашқы матчта мұрнын сындырып, ауыр жарақат алды. Бұл жағдай Франция Австрия кездесуінде орын алды. Кейін Мбаппе Дюссельдорф қаласының ауруханасына жеткізді. Бірақ жергілікті дәрігерлер оған операцияның қажет еместігін алға артты. Десе де, енді алаңға тек арнайы маскамен шығуы қажет. Жалпы Құрлықтық додада ары қарай ойнай ала ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

«Ертең тағы қосымша тексерістен өтеміз. Жарақат өте ауыр. Қазір операция жасамаса да кейін қажет болуы мүмкін. Сондықтан, оның денсаулығын жіті бақылап отырмыз», - деді Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары