$ 494.87  520.65  4.91

3 күн онлайн жұмыс істеу форматы ұсынылды

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары