Мемлекеті ақша бөліп, өзінің батырларын көрсетіп өзінше бір идеология жасап қойған.
Қазақстанға келіп-кеткен қырғызстандық журналист Семетей Аманбеков таңданысын жасырмады. Оның байқауынша, қазақстандық барлық телеарналардың қазақ тілінде екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол «Exclusive KG» YouTube арнасындағы сұхбат барысында айтқан.
«Қазақстанға бардым, Алматыға. Теледидарды қоссам бірде-бір орысша контент жоқ. Орысша контенттің барлығын қазақшаға аударып қойған. Мемлекеті ақша бөліп, өзінің батырларын көрсетіп өзінше бір идеология жасап қойған. Мүмкін мемлекет бірінші қадам жасау керек шығар», - деді ол.