$ 494.87  520.65  4.91

Ақыл-есі кем адамды жазаға тартуға болмайды – Жоғарғы сот өкілі шымкенттік емші туралы

Ұлықбек Смановтың соты өтті. Бірақ оның созылмалы психикалық ауруына байланысты сот қатыгез емшіні түрмеге емес, жындыханаға жіберді.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы асырап алған балаларына жауыздық көрсеткен Ұлықбек Смановқа шыққан үкімге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Назгүл Рахметуллинаның сөзінше ақыл-есі кем адамға қылмыстық жауапкершілік жүктелмейді.

«Сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ұлықбек Сманов өз іс-әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған, оның созылмалы және психикалық аурумен ауыратыны анықталды. Сондықтан бұл жерде жаза туралы сөз болуы мүмкін емес. Заң бойынша, адам іс-әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болса, әрекетіне саналы түрде жауап бере алмаса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Оны ауруханаға емделуге жіберді», - деді ол.

Еске салайық, асырап алған 6 баласын мысықтың етімен қоректендіріп, адам төзгісіз жағдайда ұстаған шымкенттік емші Ұлықбек Смановтың соты өтті. Бірақ оның созылмалы психикалық ауруына байланысты сот қатыгез емшіні түрмеге емес, жындыханаға жіберді.

Бұған дейін Ұлықбек Смановтың балаларды қалай және қайдан асырап алғаны туралы егжей-тегжейлі жаздық.

Сондай-ақ асырап алған балаларына қорлық көрсеткен «жындыханадағы» емші Ұлықбек Смановтың 4 жастағы егіздері туралы жаңа мәліметтер белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары