Шығын 15 миллиард теңгеден асқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров 19 маусымда өткен брифингте ведомствоның білім беру саласы бойынша тіркелген істер жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Білім саласы бойынша жүйелі сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды анықталып, 229 қылмыстық іс тіркелген.
Сондай-ақ ол қай облыста ең көп ұрлық жасалып, жемқорлыққа жол берілгенін атады.
2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15 миллиард теңгеден асты. Ұрлықтың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды.
Қылмыс жасауда 317 адам әшкереленді, оның ішінде 144 адам сотталып, түрлі жазалау шаралары қолданылды, – деді Данияр Бигайдаров.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтөбеде білім бөлімінің басшысы ұсталды (ВИДЕО)