$ 478.96  533.03  5.22

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында күтпеген жазба жариялады

14 шілде күні таңертең (Астана уақытымен) Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулдары сарапқа салынады.

Фото: Janibek_qazaqstyle парақшасынан
Фото: Janibek_qazaqstyle парақшасынан

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Боксшы әрқашан 100 пайыз дайын болуы тиіс», - деп жазды Жәнібек X (бұрынғы Twitter) парақшасында кезекті жаттығуының видеосын қоса жариялап.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні таңертең (Астана уақытымен) Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулдары сарапқа салынады. Әлімханұлы қазір екі белдіктің де иегері. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әйгілі промоутер Әлімханұлының кімдермен жұдырықтасатынын айтты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары