$ 479.38  531.63  5.27

Әйгілі промоутер Әлімханұлының кімдермен жұдырықтасатынын айтты

Жәнібек әр жекпе-жек сайын шыңдалып, бүгінде орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңуге дайын.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Промоутер Боб Арум қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына Карлос Адамеспен немесе жеңілмеген британиялық Хамза Ширазбен жекпе-жек ұйымдастырып бермек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол үшін алдымен Жәнібек 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңазеландиядық боксшы Андрей Михайловичті жеңіп, IBF нұсқасы бойынша атағын қорғауы керек.

Жәнібек бізге Қазақстаннан келді. Біз онымен карьерасы басталғалы жұмыс істеп келеміз. Жәнібек әр жекпе-жек сайын шыңдалып, бүгінде орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңуге дайын. Шыны керек, қазір орта салмақта таланттар көп емес, әлсіз дивизион деп айтуға болады. Марвин Хаглер секілді ұлы боксшылардың заманы емес.

Михайловичпен кездесуден соң Жәнібектің Адамеспен кездескенін қалаймын. Адамес - қиын қарсылас, жақсы жауынгер.

Одан қалды промоутер Фрэнк Уорреннің орта салмақта мықты боксшысы пайда болғанын бәрі жазып жатыр. Жәнібекке Британияға барып Ширазбен айқасқан дұрыс болады деп ойлаймын. Егер Фрэнк қаласа, айқас ұйымдастыру оп-оңай! - деді Арум.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары