Мерген — үш баласы бар жалғызбасты әке.
Қара бетперде таққан жігіт үш баланы жалғыз асырап отырған әкеге үміт сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
Мерген — үш баласы бар жалғызбасты әке. Оның екі бірдей көзі нашар (-9) көреді. Ұлы — үшінші топ мүгедегі. Ер адам балаларымен пәтерді жалға алып тұрады.
"Жақында жолдасым өмірден озды. Ішінде 3,5 айлық сәбиіміз болды. Өзім жалдамалы жұмысшы болып істеймін. Қазір егістікте қырыққабат тереміз. Екі көзім де нашар көреді. Үлкен балам да ихтиоз деген аурумен ауырады. Денесінде қара дақтары бар. Баспанамыз жоқ, "Времянкада" тұрамыз", - деді ол.
Ер адам көз алдынан әйелінің елесі әлі күнге дейін кетпегенін әңгімелеп берді.
"Әлі келетіндей болып тұрады маған. Мәңгілік жүректе қалды ол кісі. Балаларым анасын іздейді. Үйде отырған кезде сыртқа шығып кетемін, қорада жылаймын. Ол сөзді естіген сайын жүрегім ауырады", - деді ол.
Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге бір бума ақшаны ұстатты. Бұл өзінің және баласының еміне деп берілген қаражат еді. Сонымен бірге ол ер адамға қалаған кәсібін ашуға көмектесуге уәде беріп, үйдің кілтін табыстады.
Мұндай тосынсыйды күтпеген ер адам солқылдап жылады.