$ 494.87  520.65  4.91

«Кедей болудан ұялма, ашкөз бол!» – Дина Төлепберген (ВИДЕО)

Абыройыңызды төгуден, ата-анаңызды кедей деп сөгуден аулақ болыңыз. Себебі ата-ана сізге бәрінен қымбат өмірді сыйлады. 

Фото: instagram.com/dina_tolepbergen
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Танымал тележургізуші Дина Төлепберген балалық шағынан сыр шертіп, жоқшылықты көргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележурналистің айтуынша, адам арманына жету үшін, аянбай еңбек ету керегін еске салды.

«Анам – дәрігер. 103 қызметінде жұмыс істеген, 9 ай бойы жалақы алмаған. Сондықтан да күнкөрістің қамы үшін біз анамызбен масаққа барған жайымыз бар. Масақта пияз тердік. Сол пиязды үйге алып келеміз, оны майға қыздырып қуырамыз, нанға салып жейміз. Қандай керемет дәм. Сондықтан сіздерге айтарым: кедей болудан ұялмайық. Бірақ жақсы өмірге талпынбау – нағыз ұят. Меніңше, адам ашкөз болуы керек. Тағамға емес, талапқа, биікке, арманға… Сол арманын сатпай, адамды алдамай, биіккке ұмтылсақ, алынбайтын қамал жоқ. Ашкөз бол деп айтар едім. Дүниеге емес, даналыққа, тамаққа емес, талапқа!», – деп жазды тележүргізуші.

Ол тіпті, өзі қарапайым отбасынан қығып, қазіргі деңгейге жеткенін айтты.

«Мені көбі байдың қызы деп ойлайды. Бірақ бұл сөздің түбінде біршама бейнет, жоқшылық жатыр. Мені өсірген арман, межелі мақсат, сергек сенім. Сондықтан абыройыңызды төгуден, ата-анаңызды кедей деп сөгуден аулақ болыңыз. Себебі ата-ана сізге бәрінен қымбат өмірді сыйлады. Ал бай-қуатты өмірге талпыну – сізден», – деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары