$ 479.38  531.63  5.27

Қарағандыда журналист хабар-ошарсыз жоғалып кетті

Оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.

Фото: t.me/vechernaya_karaganda/8654
Фото: t.me/vechernaya_karaganda/8654

Қарағандыда журналист Максим Объедков жоғалып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Вечерний Караганда» басылымының дерегінше, Максим Объедков 17 маусымда үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Оның бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шыққан.

«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.

Айта кетейік, ол республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары