$ 479.38  531.63  5.27

Елена Рыбакина алғаш рет Берлин турнирінің ширек финалына өтті

Бұл жолы Елена матчты қарқынды бастады – 3:0.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші көгал маусымындағы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен өткізді. Осыған дейін қос қарсылас өзара 4 рет кездесіп, соның бәрінде Рыбакина басым түскен еді.

Бұл жолы Елена матчты қарқынды бастады – 3:0. Есеп 5:3 болып, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмағанымен, тағы бір брейк жасай білді – 6:4. Есесіне екінші партияда Кудерметова 2:0, 3:1 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 3:3. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Кудерметова 1 эйс, 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алған жоқ. Осылайша, қазақстандық спортшы алғаш рет Берлин жарысының ширек финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 19-сатыдағы белорустық Виктория Азаренкомен таласады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары