20.06.2024, 23:30

Қажылықта қаза тапқандар саны 1000-нан асты

Фото: AFP

Меккеде қажылыққа барған 1000-нан астам адам қаза тапты.

Меккеге қажылық кезінде аптап ыстықтан мыңнан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Agence France-Presse басылымына сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың көпшілігі Мысыр азаматтары. Араб елшісі соңғы есептеулер бойынша, тағы 58 мысырлық қажы қаза тауып, Мысыр азаматтарының саны 658-ге жеткенін айтты. Үндістаның 68, Иорданияның 60, Пәкістанның 35 және Тунистің 35 азаматы да көз жұмды.

Сауд Арабиясында қаза тапқан ресейлік қажылардың саны беске жетті. 

Еске салайық, бір күн бұрын 600 қажы қайтыс болған еді. Көп жағдайда адамдар қатты ыстықтан қаза тауып жатыр. Меккедегі ауа температурасы шамамен 52 градус.

Тегтер: Мекке Қажылық