21.06.2024, 10:40

Биыл қазақ тілінде ChatGPT чаты іске қосылады

Фото: Цирфлық даму министрлігі

Токендерді жинап жатырмыз, қазіргі уақытта 6 млрд-қа жуық токен жиналды.

Қазір аталған чатты қазақ тілінде қолжетімді ету бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз. Ол қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель. Қазіргі таңда Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Токендерді жинап жатырмыз, қазіргі уақытта 6 млрд-қа жуық токен жиналды. Біздің мақсат, жыл соңына дейін 100 млрд токен жинау. Биыл желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп отырмыз», - деді Жаслан Мәдиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.