$ 494.87  520.65  4.91

Журналист Айдос Садықовты өлтірмек болған күдіктілер ұсталды: ІІМ пікір білдірді

Наталья Садықованың сөзінше, күдіктілердің бірі - Қостанай облысының Ішкі істер департаментінде жұмыс істейтін Мейрам Қаратаев болған.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Журналист Айдос Садықовқа қастандық жасағандар ұсталды деген ақпар тарады. Ұсталғандардың ішінде ҚР ІІМ қызметкері бары айтылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналистің әйелі Наталья Садықова жазған болатын. Оның сөзінше, журналисті өлтірмекші болғандар екеу болған. 

Наталья Садықованың сөзінше, күдіктілердің бірі - Қостанай облысының Ішкі істер департаментінде жұмыс істейтін Мейрам Қаратаев болған. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Мейрам Қаратаевқа қатысты: оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізудеміз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі, - делінген ІІМ хабарламасында. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бәсе» каналы басына бәле болды ма?: Саясаткер Айдос Садықта кімнің өші барына болжам жасады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 3
Күлкілі 8
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары