$ 494.87  520.65  4.91

«Өл, өлтір» деп сыбырлаған»: Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға үкім шықты

«Өз жауабында қорғауымдағы азамат құлағына біреулердің «өл, өлтір» деп сыбырлағанын айтты. Көзіне үнемі елес көрінетінін жеткізді.

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 маусымда Түркістан облыстық соты екі баласын тұншықтырып өлтірген қызылордалық анаға үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Otyrar басылымының мәліметінше, сотталған адам орта режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

«Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады. Бұл процесті журналистерге сотталушы мен алқабилерді көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етілді», - делінген хабарламада.

Бота Хамитқызының адвокаты сотталушының психикалық ауытқуы барына сенімді. Қазақшалап айтқанда, «ішіне жын кірген» деген заңгер мұғалімнің берген жауаптары сәт сайын құбылып отырғанын айтады. Және бұған дейін бір айға үйінен шығып кететін кездері де болған екен.

«Өз жауабында қорғауымдағы азамат құлағына біреулердің «өл, өлтір» деп сыбырлағанын айтты. Көзіне үнемі елес көрінетінін жеткізді. Балалары да құбыжық болып елестеген дейді. Біз үкіммен келіспейміз. Апелляцияға береміз», – деді Айнагүл Рүстемова.

Соттағы психикалық сараптама 31 жастағы келіншектің ақыл-есі дұрыс деген шешімге келген.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте полицейлер екі баласын өлтірді деген күдікпен олардың анасын ұстағаны хабарланған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Екі баласын тұншықтырып өлтірді деген қызылордалық әйелге қатысты сот басталды

«Бірнеше рет суицид жасаған». Екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек айтылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары