$ 479.38  531.63  5.27

Бас прокуратура «Болашақтағы» дауға қатысты тексеріс жүргізбек

Министрдің сөзінше, пәтерді заңсыз кепілден шығарған басшы, орталық қызметкерлері жұмыстан шығып кеткен.

 

Фото: https://t.me/mazhilis_kz
Фото: https://t.me/mazhilis_kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық бағдарламасы төңірегінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы министр журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты.

Оның айтуынша, Ұлыбританияға аттанып, кейін өз мойнындағы жауапкершіліктен құтылып кетпекші болған түлек Валерия Гавриленко шартқа сәйкес, қайтадан пәтерін кепілге қойған. Ол мемлекет алдындағы 30 млн теңге борышын өзі төлеуге міндеттелді. Ал түлекке гарант болған Дәрібаева Мақпал мен Наталья Воробьева жауапкершіліктен босатылған.

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының екі гарантқа ешқандай сұрағы жоқ. Келісімшарт бұзылды, қайта жазылды. Ол екі азаматша енді гарант емес. Тексеріс жүргізілді, кепілдікке қойылып, шығарылған үйлер қайтадан келесімшарт негізінде кепілге қойылды. Біз Бас прокуратураға хат жолдадық, 2018-19 жылдары заңсыз іс-әрекетке барған «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлеріне тексеріс жүргізіледі. Мұндай хатты орталық бұрын қалалық прокуратураға жолдаған, алайда олар жауапсыз қалған. Енді Бас прокуратура істі қолға алды», - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, пәтерді заңсыз кепілден шығарған басшы, орталық қызметкерлері жұмыстан шығып кеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары