$ 495.2  522.34  4.94

Шахмат федерациясы Әлем чемпионына автокөлік мінгізді (ВИДЕО)

Қазыбек Нөгербек әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жарыста еліміз 12 алтын медаль жеңіп алды. Қалған алтын жүлдені Қытай, Үндістан, Иран мен Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) атынан қатысқан Ресейдің өкілдері иеленді. Алматыда барлығы 25 адам жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды.

Осы чемпионатта Қазақстан шахмат федерациясы жуырда Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке электрокар сыйлады. Оның кілтін Азия чемпионатының жабылу салтанатында ұйымның президенті Тимур Турлов табыс етті.

Қазыбек Нөгербек әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары