$ 494.87  520.65  4.91

Астана тұрғыны Бишімбаевтың жазасын жеңілдетіп беремін деп 100 млн теңге ақша алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны "Г"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Астана тұрғыны Бишімбаевтың жазасын жеңілдетеміз деген желеумен 100 миллион ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік мәлімдеме жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны "Г"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. 

Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. 

Тергеу жалғасуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары