$ 494.87  520.65  4.91

Орануға тыйым салынбайды – Депутат

Қазақстанда діни наным-сенімге толығымен еркіндік берілген.

Фото:  Instagram
Фото: Instagram

Мәжіліс орануға тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Azattyq-ruhy.kz сайтының жазуынша, мәжіліс кулуарында журналистер сауалына Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жауап берген.

Ол қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбайтынын айтты.

Жалпы Қазақстанда әрбір діни наным-сенімге толығымен еркіндік берілген. Ермұрат Сейтқазыұлының ол жеке пікірі ғой. Хиджаб, никабқа қатысты мәселе бізді қарастырылып жатқан жоқ. Одан да басқа маңызды мәселе бар ғой, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін депутат Ермұрат Бәпи Парламент күзде дінге және басқа ағымдарға қатысты мәселені қолға алатын заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр деген еді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда пәрәнжі киюге тыйым салынады деген пікірін білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары