Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласында күтуші екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін желіде 38 жастағы күтуші Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Болжам бойынша ол сәбиді тұншықтырып тастаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - деп түсіндірді Астана қалалық Полиция департаменті.